0:00 / 0:00
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды. 53 жанұя көптен күткен үйлерінің кілтін алды.
Жаңа үйге ие болған жандардың бірі-Губайдуллиндер әулеті. 80-ге таяған ақсақал бұрын Телеорталық маңында орналасқан "Зенит" саяжайында тұрған. Қызыл су 13 жыл бойы өмір сүрген баспанасын басып, судың биіктігі шатырмен бірдей болған. Қария 4 айдай үлкен қызының шаңырағын паналапты. Қазір ақжаулықты ана мен ақсақалдың көңілі шат.
Жалпы Орал қаласында көктемгі тасқыннан 10 531 үй зардап шекті. Күні бүгінге дейін 1 274 отбасыға жаңа басапана берілді.