0:00 / 0:00
Балық аулауды сүйетін жандар үшін жағымды жаңалығымыз бар. Орал қаласында жекеменшік тоған жұмыс істейді. Мұнда балықтың түр-түрін ұстап, табиғат аясында отбасыңызбен, әріптестеріңізбен уақыт өткізе аласыз.
Орал қаласына қарасты Рыбцех ауылының маңында жекеменшік тоған бар. Мұнда балық аулауды жаны сүйетін жандарды кездестіресің. Табиғат аясында демалып, балық аулап, ептілігін шыңдаған адам көп. Тоған 18 гектар жерді алып жатыр. Балық аулайтын орын осыдан 6 жыл бұрын жұмысын бастады. Демалыс орынында азаматтарға бар жағдай жасалған.
ОКСАНА ЧЕРНОСВИТОВА, " AQJAIYQ AGRО" ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:
-Бізге балық аулауға келетін жандар көп. Бірі ұстаған балығын суретке түсіріп, жіберіп қойса, енді бірі-оны асып жейді. Тіпті, алыс-жақын жерден келетіндер көп. Кәсіби балықшылар да балық аулайды. Тоғанға жанұямен келіп, достарымен келіп, тынығатын жандар үшін арнайы орындар жабдықталған. Тоғанда ақ амур, көксерке, тұқы және жайын бар. Балықтарды шабақ кезінен өзіміз өсіріп, күтіп баптаймыз,-дейді.
Балық аулау науқаны 31 қазанға дейін жалғаспақ. Тоған таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді. Толық ақпаратты экранда көрсетілген телефон нөмір арқылы біле аласыздар.