0:00 / 0:00
Түркістандық дихандар биыл өңірге мол су келгеніне разы. Шаруалар 10-15 күнде жаңа өнімді жинауға кіріспек. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің мол болуы үшін судың мөлшері жеткілікті болуы шарт
Суару науқаны кезінде түркістандық шаруаларға Қызылқұм каналы арқылы Шардара су қоймасынан 682 млн метр куб су берген. Қазіргі таңда қоймада 2,6 млрд м3 тіршілік нәрі бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 млн метрге көп.
Шаруалардың кәсібін дөңгелентіп, мол пайдаға кенелуі үшін тұрақты түрде сумен қамтылуы шарт. Тіршілік нәрінің қажетті деңгейде болуына байланысты дихандар биыл мол өнім жинайды. Қарбыз өсіріп отырған шаруалар тамыз айында екінші мәрте өнім алады.
Суару науқаны басталғалы көрші Өзбекстаннан Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су келді. Бұл- мемлекет аралық су шаруашылығы комиссиясының бірлескен жұмысының жемісі.