0:00 / 0:00
164 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. 73 мектеп бітіруші тест тапсыруға тиым салынған затпен кіруге тырысқан. 91-і ішкі тәртіпті бұзған. Мұндай келеңсіздіктің басым бөлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы тест тапсыру орталықтарында орын алды. Екі түлектің дене қызуы көтерілгендіктен, тестке кірігізлмеді. Олар кейін тапысратын болды. Елдегі пандемияның қарқынды дамуына қарамастан, барлық сақтық шараны сақтай отыра өткізіліп жатқан ҰБТ бірінші күнінің нәтижесі осындай. Кеше тестілеуге 6 186 талапкер қатысты.
Бұған дейін де айтылғандай, биыл ҰБТ тапсыру талаптары қатаңдатылды. Бақылау күшейтілді. Алдын-ала келісіп, ақша беріп, немесе қандай да бір жолмен телефон алып кіріп айласын асырып жүрген түлектерге бұл жолы қиынға соғып отыр. Тест тапсыру барысы тікелей көрсетіледі. Тексеріс күшейтілген. Түлектерге шпаргалка, телефон алып кіру дегенді ұмытқаны жөн. Егер тиым салынған затпен кіріп, қолға түссеңіз ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырыласыз. Барлық бейне бақылау камераларын май шаммен қарағандай тексеріп, тәртіп бұзғандар жинаған балынан айырылады. ҰБТ тапсырудың бірінші кезеңі өтті. Бүгін ҰБТ орталығының өкілдері оның нәтижесін жариялады. Күтілгендей, қатаң талапқа қарамастан тиым салынған затты алып кіруге тырысқандар әшкерленді. Осылайша 164 түлек ҰБТ тапсыру құқығынан айырылды.
Бірінші күні еліміз бойынша 39 түлек 130 баллдан жоғары жинаған. Елде қауіпті індетті таралуы өршіп отырғаны мәлім. Карантин талабына сәйкес, балалары тест тапсырып жатқанда ата-аналарына сыртқа жиналуға тиым салынып отыр. Осы жағдайға қатысты тест тапсыруға келген мектеп түлектері санитарлық нормаға сай бетперде киіп, олардың дене қызуы тексерілуде. Сынақтың бірінші күнінде дене қызуы көтерлісе де тест тасыруға келгендер бар.
ҰБТ бойныша ең жоғары балл 140 құрайды. Әзірге бір ғана оқушы 137 балл жинаған. Түлек Түркістанның тумасы. Дегенмен бұл баланың да тесті әділ тапсырғаны жіті тексерілетін болады деп отыр Наужан Дидарбекова.