0:00 / 0:00
Жәнібек ауданының 41 жасар азаматына мектеп жасындағы 3 бірдей қыз баласын зорламақ болды деп айып тағылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданған іс бір жылға жуық қаралып, үкім шығарылды. 41 жасар қылмыскер қыздарды шақырып алып бірнеше ай бойы қорлап келген. Егер бұл туралы тіс жарып айтатын болсаңдар өлтіремін деп қорқытқан.Қылмыстық оқиғаның беті ашылуына тек қыздардың екеуара әңгімесі септігін тигізді. Оны естіген анасы бірден құқық қорғау органдарына шағымданады. Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше ауыр қылмысқа барған айыпты осыған дейін бірнеше мәрте істі болған. – ҚР ҚК 121 бабы 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс 5 эпизодтан тұрды. Айыпты оның төртеуін мойнына алды. Оған аталған бап бойынша кастрация жазасы қолданылмайды. Өйткені ол жәбірленушілерді зорламаған. Тек сексуалды сипаттағы әрекеттерге барған,– деді Б. Ермаханов. Кәмелетке толмаған мектеп жасындағы қаршадай қыздардың ар намысын аяққа таптаған 1978 жылғы қылмыскерге 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол осы мерзімді бұрынғы қатаң режимдегі түрмеде айыбын өтейтін болады.Сорақысы сол қылмыскер, зардап шегушілердің ет жақын ағасы болып отыр.Сөйтіп бейкүнәлардың абыройын айрандай төкпек болған қылмыскер өмірінің 16 жылын тар қапаста өткізбек..Қылмыскер сот шешіміне шағымданбаған. Сот үкімі заңды күшіне енген.