0:00 / 0:00
Оралда тәуелсіздік мерекесі күндері екі спорттық алаң пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық спорт бөлімінің мамандары хабарлады. Атап айтқанда «Жайық Самалы» жүзу бассейіні мен Омега көпірінің маңында тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Спорттық алаңдардың тұрғындар игілігіне берілуі құптарлық іс,- деген оралдықтар дән риза. Алайда қарпайым халық оларды күтуге көңіл бөлуі керек дейді тұрғындар.Облыста дене шынықтыру және споартур ртпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 300 мыңға жеткен, халықтың 35 % -н құрайды.Сонымен қатар «Жастар» стадионына мұз қатыру жұмыстарын жүргізу үстінде. Онда санаулы күндерден соң допты хоккейден айтулы доданың жалауы желбірейтін болады.