Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1,5 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖЕДЕЛ САТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАЙ КЕЛЕДІ

c 16:36, 19/07 c 59

0:00 / 0:00

М.Мөңкеұлы көшесі, 79/1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде 60-тан астам жанұя тұрады. Тұрғындар бұл үйге 1,5 жыл бұрын қоныс аударған. "Сол күннен бері баспана бақытына кенелудің орнына машақатымен күресіп келе жатырмыз",- дейді олар. Жертөле кәріз суына толып тұр. Балалар ойын алаңы атымен жоқ. Кіреберіс алдына орындық та қойылмаған. Қазіргі күні жедел сатының іске қосылмауы баспана иелерін мазалаған басты мәселе болып отыр.

НҰРТІЛЕК ЗАЙНЕДЕНОВ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жеделсатының болмауы әсіресе егде жастағылар мен жүкті әйелдер, бүлдіршін балаларға қиындық тудырып тұр. Тұрғындардың дені ауыз суды тасып ішеді. "Жоғарғы қабатқа бірнеше литрлік құтылармен көтерілу - азап",- дейді Бауыржан ата.

БАУЫРЖАН РАЯНОВ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Тұрғындар өз аяқтарымен барып, құрылыс компаниясы басшылығының есігін де қаққан, жазбаша хат та жолдаған. Алайда жауаптылар ләм-мим демепті.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

ӘЛІБИ АЙТАЛИЕВ

МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ))

Алда тұрғындардың құрылыс компаниясын сотқа беру арқылы мәселенің оң шешіміне ықпал жасауы ғана қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.