1,5 млрд теңгеге субсидиялармен алаяқтық: ауыл
шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі ұсталды.
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын
жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды. Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі
департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар
аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу
кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.
Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық
кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып,
элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы
құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған.