Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

14 жастағы бала түн ішінде көлікпен қыдырған

c 18:33, 05/02/2018 c 660

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы кезінде ата-анасының көлігін рұқсат құжатынсыз басқарған жеткіншек ұсталды. Таңғы сағат 4-тер шамасында тәртіп сақшылары тоқтатқан "Мерседес" маркілі көліктің рөлінде 14 жасар бала отырған. Ол түнгі қалада қыдырып қайтқысы келгенін айтқан. Қазір автокөлік айып тұрағына жөнелтіліп отыр. Ал анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Орал қаласында жыл басынан жол қауіпсіздігіне қатысты 8 мың құқық бұзушылық тіркелсе, оның 2 мыңы жылдамдықты шамадан тыс асырудың салдарынан тағайындалған жаза. 156 жүргізуші алкогольді ішімдік ішіп көлік тізгініне отырған. Сонымен қатар 606 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.