0:00 / 0:00
Негізгі қарызды төлеген салық төлеушілерден жалпы сомасы - 129 миллион теңге айыппұл есептен шығарылды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 4 қыркүйектегі жағдай бойынша қала кәсіпкерлерінің саны 926-ға жеткен. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 318 миллионнан астам теңгені құраған. Сала мамандары ірі салық төлеушілер мен акцизделетін тауарларды өндірушілер және жеке тұлғалар салықтық амнистияға ұшырамайтынын еске салады. Еске салсақ, 2018 жылдың 1 қазанына дейін жинақталған қарыздың келесі жылдың аяғына дейін төлеу керек. Сонда кәсіпкерлер барлық айыппұлдар мен өсімақылардан босатылады.