0:00 / 0:00
Орал қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа пәтердің кілті табысталды. Кешелі-бүгін 120 отбасы қоныс тойын тойлады. Тасқын судың салдарынан зардап шеккен тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Көктемгі су тасқыны бәрімізді әбірге салды. Әсіресе, жалғыз баспанасынан айырылған отбасыларға оңай соқпады. Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен жандарға жан-жақты қолдау көрсетеміз деп айтты. Игі істен еліміздің жомарт жандарды да қалыс қалған жоқ.
Шілденің 22-сі мен 23 күндері "Нұрлан Смагуловтың" қоғамдық қоры оралдық 120 отбасыға жаңа пәтердің кілтін сыйлады. Баспана жаңадан салынған үйден берілді.
Игі бастаманың шарапатын көріп, жаңа баспананың кілтін алғандардың бірі- Таужановтар отбасы . Жанұяның саяжайдағы үйлерін су басып, эвакуациялық орталықты паналап отырды. Жаңа қоныстың кілтін алған отбасының қуанышында шек жоқ.
"Нұрлан Смагулов" қоры Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге деп 5,6 млрд теңге қаржы бөлген. Жомарт жандар бұған дейін 120 пәтердің кілтін табыстаған еді.