0:00 / 0:00
Биыл БҚО-ның кеден бекеті арқылы 117 рет экспортқа заңсыз тауар шығарылмақ болған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық қызметінің баспасөз алаңында мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мәлімдеді. Нақтырақ тоқталып өтсек, металл бұйымдарын шетелге асырмақ болған -72, жанар-жағармай -7, қағаз, макалатура-6, тері өнімдері -1, ұсақ бұйымдарды шекарадан асырмақ болған- 31 факты тіркелген. Аталған олқылықтардың жолын кесу жолында мемлекеттік кірістер департаментінде көрсетілетін барлық қызметтер цифрландырылған. Бұған дейін «Сырым» өткізу бекеті арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтсе, енді бір күнде 7 мыңға дейін жүк және жеңіл көлігі шекарадан өтуге мүмкіндік туды. Алайда бұл жаңашылдық еліміздің тарапынан туындаған мәселені шешкенмен Ресей аумағында әлі күнге дейін проблема өз күйінде қалып отыр. Сонымен қатар жылдың соңына дейін 14 мың салық төлеуші оның ішінде шаруа қожалықтары да онлайн кассалық апараттарымен жұмыс жасаулары тиіс. Сондай-ақ, брифингте осы жылы рақымшылық аясында бизнесмендерден 139 млн теңге көлемінде өсімақылары мен айыппұлдары кешірілгені сөз болды.