Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

11 жастағы қыздар папиллома вирусына қарсы егіледі

c 17:57, 23/08 c 62

0:00 / 0:00

Еліміз бойынша қыркүйек айында адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу жұмыстары басталады. Жатыр мойыны әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр.Адам папилломасы вирусы - бұл ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін ауру. Оның 200-ден астам түрі бар. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен өтеді және көбінесе адам үшін зиян келтірмейді,- дейді дәрігерлер.Жаппай екпе салудың негізгі контингенті 11-жастағы жасөспірім қыздар. Олар екпені ата-аналарының жазбаша келісімімен қыркүйек айынан бастап тегін ала алады. Онкологтердің мәліметінше, әйелдер арасында жатыр мойыны обыры 2-ші орында. Бірінші орында-сүт безі обыры. Жатыр мойыны обырының алдын алудың бірден бір жолы - вакцинация және скрининг. Қыздар үшін қыркүйек айында ұсынылатын вакцина бұл басты және негізгі қорғаныс болмақ екен.Айта кетейік, былтыр өңірде жатыр мойны обырының 100-ден астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 3-еуі 30 жасқа дейінгілер. Олардың көбісі көз жұмған. Жауыпты сала мамандары аурудың жыл сайын көбейіп бара жатқанын алға тартады. Сақтықта қорлық жоқ демекші, дәрігерлер жаппай вакцинация алуға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.