Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

11 адам бостандыққа шықты

c 17:51, 18/06/2019 c 1107

0:00 / 0:00

Орал қаласында 11 адам рақымшылық шараларының қолданылуына байланысты бостандыққа шықты. Заңнан жаңылысқан жандармен жұмыспен қамту орталығы, білім беру, денсаулық сақтау мен пробация қызметінің мамандары кездескен болатын.

Облыс орталығында орналасқан 170/3 түзету мекемесінде айшықты оқиға орын алды. Темір тордың аржағында жазасын өтеп жатырған 11 азамат рақымшылық шарасы қолдануылуына байланысты уақытынан бұрын, бостандыққа шықты. Полиция қызметкерлері он бір адамның бір уақытта бостандыққа шығуы көптеп тіркелмегендігін айтады. Заңнан жаңылған жандардың арасында жазасын 20 жылдан аса өтегендер де бар. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі Эдуард есімді азаматқа бостандыққа шығуына байланысты сыйлық табыс етті.

Сотталған азаматтардың басты міндеті бостандықта өзін-өзі табу. Пробация қызметі, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мен жергілікті полиция қызметінің мамандары сотталған жандардың әлеуметтік ортаға бейімделуі көмектесуге дайын.

Бостандыққа шыққан жандар толғандырған сауалдарын құзырлы мекемелерге жолдап, мамандардан кеңес ала алады

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.