Орал қаласындағы 20 ЖББОМ-ке қосымша ғимарат берілді. Жаңа оқу жылында 1000-аса оқушы бұрынғы санаториялық мектеп ғимаратында білім алуда. Мектеп ұжымы осында 6 бірінші сынып оқушысын қабылдаған.Естеріңізде болса бұған дейін бірнеше ата-ана бұрынғы санаториялық мектеп ғимаратын 20 мектепке беруге қарсылық білдірген еді. Қазір тұрғындарға толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Дегенмен де бұл мектептегі 20-ға жуық оқушының ата-анасы балаларын өзге мектепке ауыстыруға шешім қабылдапты.Бүгінгі күні мектепке дейін асфальт төселген. Білім ошағының маңына бес аялдама қойылған. Ата-аналар балаларын мектептен алып кетіп, білім форматының офлайнға көшкеніне ризашылық білдіруде.
Бұл білім ошағында 2300 өрен білім алса, қосымша ғимартта бастауыш сыныптардағы 1000 оқушы оқиды. Оған қоса қосымша білім беру жүйесі бойынша 100-ге жуық бос кабинетте үйірмелер жұмысын бастапты.
20-шы мектепте бұған дейін үш ауысымда білім берілген болатын. Жыл сайын оқушы саны көбейіп келе жатырғандықтан мұғалімдер қатары жас мамандармен толығуда.