Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 жуық әйел қала тазалығына жауапты

c 12:12, 05/03/2022 c 613

0:00 / 0:00

Бүгінде әйел адамдар түрлі қызметте ерлермен бірге иық тірестіріп, бірге жұмыс жасап келеді. Тіпті түрлі ауыр, өмір үшін қауіпті қызметті де меңгерді. Үйінде отбасы мен бала-шағасын бағып-қағып, қоғамның игілігі үшін жұмыс жасап жүрген нәзік жандылар көп. Қазір кранды тізгіндеген бұрымдылар мен қылмыскерлерді ұстайтын тәртіп сақшылары мен қаланың тазалығын қамтамасыз ететін жандардың арасында да аруларымыз бен аналарымыз жүр.

Бұл-Күләш Төлеуова. Ол 20 жылдан бері Орал қаласы көшелерінің тазалығына жауапты. Кейіпкеріміз 2002 жылы "Жайық таза қала" мекемесіне қызметке тұрған. Күні бүгінге дейін осы қызметін қалтқысыз атқарып, шаһар көшелерін жазда шаңнан, қыста қар мен мұздан тазалап келеді.

Бүгінде қала тазалығына жауапты маманның 5 баласы бар. Ол таңғы сағат сегізден кешке дейін көше тазалайды. Отбасы мен жұмысын үйлестіріп жүрген маманның жұмысын әріптестері жоғарғы бағалайды. Олар Күләш ханымның еңбекқорлығы мен жауапкершілігін атап өтті.

Облыс орталығының көшелерін үнемі тазалайтын Күләш ханым "жұмыстың жаманы жоқ",- дейді. Тіпті таза ауада еңбектенгеннің денсаулыққа пайдасы көп екенін айтады. Бүгінде "Жайық таза қала" компаниясында 700-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Оның 100-ге жуығы әйел адам. Олар ерлермен бірге қаланың тазалығына жауапты. Күләш апа шаһарымыздың тазалығын жақсы деп бағаласа да, кейбір тұрғындардың тазалыққа енжар екенін айтып қалды. Қаланың келбетін сақтап, күтіп ұстау-мәдениеттің өлшемі екенін ескеріп, ақжаулықты аналарымыздың еңбегін бағалап, жұмыстарын жеңілдетуге атсалысайық!

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.