Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 миллион теңге қайда жұмсалады?

c 17:43, 09/02/2022 c 633

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында «Жол қауіпсіздігі туралы» пост жариялады. Ол шаһар аумағындағы жолдарға бейнекамералар орнатқаннан бері жылдамдық режимін бұзған азаматтардан 200 млн.теңге айыппұл өндірілгенін мәлімдеді. Айыппұл салудың мақсаты-жергілікті бюджетті толықтыру емес, қаламызда жиілеп кеткен жол-көлік оқиғаларын болдырмау, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау екеніне баса мән берілгенін де тілге тиек етті.
Өңір тұрғындары қаражат бағытталуы тиіс бірнеше саланы атап өтті. Оралдықтардың пікіріне құлақ түрсек, жол қозғаласын реттеу арқылы көптеген мәселенің шешімі табылады. Естеріңізге сала кетеміз, Оралдағы қауіпті бұрылыстар мен көше бойларына 40 бейнебақылау аппараты орнатылып, 23-ші қазаннан бастап, құрылғылар штаттық режимде жұмысқа көшті. Аталмыш жылдамдық өлшегіш құрылғыларды қою үшін бюджеттен 314 миллион теңге қаражат бөлінген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.