0:00 / 0:00
Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттында 33 жасар Иван Жердецкийге қатысты үкім оқылды.
Биылғы жылдың сәуір айында Гагарина көшесі бойындағы иесіз үйлердің бірінде сотталушы Жердецкий достары Уәлиев және Гончарукпен біріге бір бөтелкені бөліседі. Басқосу арты жанжалға ұласып, Уәлиев пен Жердецкий жұдырықтасады. Артынша айыпталушы Жердецкидің ауыр соққысынан жәбірленуші Уәлиев оқиға орнында жан тапсыраған. Гончарук полицияға қоңырау шалып, қылмыстың куәгері атанады. Сот қылмыскер Жердецкийді айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Жазықты жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.