Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 мың адам диктант жазды

c 17:08, 12/04/2019 c 952

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 2 жылдығына орай «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында жалпыхалықтық диктант өтті. Оған барлығы 10 000 мыңға жуық адам қатысты. Мұндай шара бұған дейін де өткізілген болатын. Арнайы дайындалған аудитория лық толы. «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жоспарын» іске асыру және латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеруге деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жалпыхалықтық диктант облыс бойынша барлық аудандарда, қалада, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде, құқық қорғау органдарында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, жалпы орта білім беретін мектептерде өтті. Бұл жолы еріктілер қатары көп болыпты. Бүгінгі диктант - жоспарлы жұмыстың бір бөлшегі ғана. Оған қатысушылар 80 сөзден тұратын сөздік диктантты жазды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.