0:00 / 0:00
Биыл оралдық ата-аналар баласын 1-ші сыныпқа қабылдау туралы өтініштерін электронды нұсқада жолдай алады. Бұл үшін баланың ата-анасы немесе бүлдіршіннің заңды өкілдері "School.bilim-Oral.gov.kz." сайтына кіріп, өтінішті толтырады.Бұған қоса ересектер сәбидің бес құжатын бірге тіркеулері керек. Құжаттардың қатарында ата-ананың өтініші, бүлдіршіннің туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың денсаулығы туралы паспорты, 063 форма мен 3*4 форматындағы екі фотоны жүктеу қажет. Ережеге сәйкес, алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балалар бірінші ретте тұрғылықты мекенжайы бойынша білім ошақтарына қабылданатындығы белгілі. Кейін, сыныпта бос орын қалса, өзге мекенжайдағы оқушылар қабылданады. Электронды түрде жазылған өтініштің жауабы бес күннің ішінде ұялы телефонның нөміріне келеді. Кейін, ата-ана 10 тәуліктің ішінде баланың құжаттарын мектепке тапсыруы шарт. Сала мамандары аталмыш жаңашылдық ересектердің уақытын үнемдеуге арналғандығын айтады.