0:00 / 0:00
Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы күнге орай Оралдағы Достық үйінде БҚО әкімі орынбасары Бақытжан Нарымбетов және ҚХА БҚО филиалы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Қиын-қыстау уақытта жұдырықтай жұмылған Қазақстан халқы үшін биылғы мереке ерекше. Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қазақстан жұрты бірге екендіктерін іспен дәлелдеді.
Жалпы алғанда, Қазақстан халқы бұл сынақтан сүрінбей өтті десе де болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін тағы да дәлелдедік. Тұңғыш Президентіміз айтқандай, бірлік бар жерде татулық пен ынтымақ болады.))