0:00 / 0:00
Бұл мақсатқа бюджеттен 50 млн. теңгеден аса қаражат бөлініп, 60 мың доза "Гриппол" препараты сатып алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуінен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінген науқастар саны күрт артып отыр.
Тұмауға қарсы екпелер жұқпалы аурудың алдын алып, бірінші кезекте имундық жүйесі әлсіз саналатын топтағы адамдарға егіледі. Соның ішінде науқастарды емдеумен айналысатын ақ халаттылар, балалар, созылмалы дертке шалдыққандар, жүкті әйелдер мен әлеуметтік мекеме қамқорланушыларына вакцинация тағайындалады. Бұл шамамен халықтың 10 пайыз бөлігін құрайды.
Тұмауға қарсы екпені кез-келген емханадан ақылы түрде де алуға болады. Бағасы- 1240 теңге тұрады. Мамандар соңғы екі жылда жедел респираторлы вирустарды жұқтырғандар саны төмендеп отырғанын мәлімдеді. Бұл орайда екпе қабылдаудың маңызы зор. 4 айлық кішкентай қыздың анасы баласының денсаулығы үшін екпеден бас тартпайтынын атап өтті.
Дәрігерлер тұмаудың алдын алу үшін денсаулықты нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті. Ол үшін дәруменге бай, құнарлы аспен тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, суық тигізбеу үшін қарапайым жылы киіну қажеті есте ұстаған абзал.