0:00 / 0:00
Самал көшесі 98 мекенжайдағы бірнеше пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің аяқталуын асыға күткендердің бірі-Баян Жәрдемова. Ол осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ал бүгін су жаңа екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Мемлекеттің мұндай қамқорлығын сезінген ана үшін бұдан асқан бақыт жоқ.Көпшіліктің қуанышына ортақтасып, қоныс той иелерін құттықтаған аймақ басшысы Ғали Есқалиев дағдарысқа қарамастан биыл құрылыс нысандары еселене түскенін айтып, пәтер иелеріне жаңа жылда жақсылық тіледі.Осылайша 216 отбасы мереке қарсаңында баспаналы болды. Бұл игі үрдіс әлі де жалғасын табады. Алдағы жылы шаһарда тұрғын үйлер тағы да салынып, пәтер кезегінде тұрғандар қоныс тойларын тойлайтын болады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген 9 қабатты көп пәтерлі тұрғынжайдың құрылыс жұмыстарын «СКФ Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Тұрғын үй кезігіндегілерге арнайы салынған. 216 пәтердің ішінде бір бөлмелі - 144, екі бөлмелі-72 пәтер бар.