2020 жылы Батыс Қазақстан облысының 98 пайыз тұрғыны көгілдір отынмен қамтылған. Биыл ауыл-аймаққа газ тарту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд.тай қаражат бөлінген. Сала мамандары Теректі ауданының 10 елді-мекеніне мен Ақжайық ауданына қарасты 11 ауыл мен 30 әлеуметтік нысанға газ тартқан. 2020 жылы бөлінген қыруар қаржының арқасында 164 газ құбыры салынып, аяқталды. Қазіргі көрсеткіштер бойынша Батыс Қазақстан облысы республикада газбен қамту көрсеткіштері бойынша 4-орында тұр.