Ұлттық банк 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 мыңдықтарды 2021 жылдың 1-ші ақпанына дейін қабылдауын жалғастырады. Банк мұндай шешімді азаматтардың өтініші негізінде қабылдапты. Сала мамандары жұмыс күндері заңды төлем құралы болудан қалған банкноталарды түскі екіге дейін айырбастауға болатынын айтады. Және реттеуші заңды төлем болудан қалған ұлттық валютаны жеке азаматтардан қабылдайтынын ескертеді. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы жарық көрген. 2000,5000 және 10 мың банкноталары осыдан төрт жыл бұрын айналымға шықты.
Сурет https://7kun.kz/77527-2/ сайтынан жүктелді