0:00 / 0:00
Тәуелсіздік күніне орай мәдени ағарту бірлестігі қызметкерлері арасында арнайы спорттық жарыс өтті. Таза ауада ұйымдастырылған додада мәдениет саласының қызметкерлері он спорт түрінен бақтарын сынады.
Спорттық шараның негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттап, балалармен жұмыс жасайтын мамандардың денсаулығының мығым болуына ат салуды көздейді. Мәдени ағарту қызметкерлері де бұл жарыстың ұйымдастырылғанына дән риза.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен еңбегімен көпке үлгі болып жүрген жандар арнайы алғыс хатпен марапатталды.