0:00 / 0:00
Оралда "Тәуелсіздікке тарту" атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Айтулы шараға он ақын қатысты. Сөз додасына енді аяқ басқан жас ақындар тәжірбиелі айтыскерлермен айтысты.
Облыс орталығында жас ақындардың аймақтық айтысы өтті. Аламан сөз додасы тұғырлы тәуелсіздікке арналған. Он ақын сөз додасында бақ сынады.
Сахнаға бірінші болып Айнабек Бисенғалиев пен Сырымдық Нұрым Амангелді шықты. Ақындардың бірінші жұбы аға мен інінің айтысын көрсетіп, Нұрым ақын қарсыласын туған күнімен құттықтап, сыйлығын ұсынды.
Қос ақын қоғамды толғандырған түрлі түйіткілді мәселелерді тілге тиек етіп, Тәуелсіздік туралы толғауын айтты.
Жас ақындардың аймақтық айтысында бас жүлдені қаратөбелік Райымбек Өтепов пен оралдық жас ақын Әділ Ахметов қанжығалады.