0:00 / 0:00
Елордасы-Нұр-Сұлтан қаласы желтоқсанның 10-нан бастап «қызы аймаққа» кіргенді.
Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева бүгін өткен онлайн брифингте қаланың коронавирусты жұқтыру бойынша "қызыл" аймаққа кіру себебін түсіндірді.
Оның айтуынша, шахарда тәулігіне 50-ден 120-ға дейін ауру белгілері бар адамдар анықталады. Арасында ересектер, мектепке дейінгі және мектепке баратын балалар да бар. Емханаға өздігімен қаралғандардың арасында коронавирусты жұқтыру саны аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін өсті. Олармен қарым-қатынаста болған адамдардан вирус көп анықтала бастады. Сол себепті, бас санитар Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын күшейтеміз деп отыр. Келесі аптадан бастап қаладағы барлық мектеп онлайн оқытуға көшеді.
Еліміздің бас қаласы қауіпті індеттің таралуы бойынша «қызыл аймақтан» бірақ шықты. Соңғы тәуліктегі сатистикада қалада 118 адам тіркеліп отыр. Елорданың бас санитарының айтуынша, емханаға өздігімен қаралғандардың арасында коронавирусты жұқтыру саны аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін өсті.
Бас санитардың айтуынша, қалада карантин талабын бұзушылар қатарын мейрамхана, дәмхана және түнгі клубтар мен сауда орындары бастап тұр. Тіпті, 10 нысанның санитарлық талаптары екінші мәрте бұзғаны анықталып отыр. Елордада 107 нысанға 29 млн теңгеге жуық айыппұлы салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда осыған қарамастан, ескертуге құлақ аспайтын нысандар да бар. Енді олардың жұмысын тоқтатып тасату керек дейді Пралиева ханым.
Жанна Пралиева – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері «Олардың саны жетеу - «Жаным сол» караоке бары, «Алания», «Эхо», «Текила», «Сова» көңіл көтеру орындары және «Золото» мейрамханасы. Аталмыш нысандарға айыппұл салынумен қатар, 3 айға дейін қызметін тоқтату жазасы қолданылуы мүмкін».
Ковидтің таралуына жол бермеу туралы талаптарға қарамастан, қоғамдық орындарға жиналу, ас беру, той өткізу тыйылар емес. Қызы аймаққа енген Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілетін болады. Бас санитарды алаңдатып отырғаны, алда қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесі күтіп тұр. Осыған орай үйде отыру қиын болар.
Жанна Пралиева – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері «10 желтоқсаннан бастап қала қызыл аймаққа кірді. Енді карантин талаптарын қатаңдату мәселесі тұр. Сондықтан елордалықтардан сұрайтыным көпшілік жерге бармаңыздар,алдағы мереке күндерін жақындарыңызбен үйлеріңізде өткізіңдер ».
Қалада оқушылар арасында вирусты жұқтыру артып отыр. Оқу жылы басталғалы 224 оқушыдан коронавирус анықталды. Олардың ішінде 179 бала қашықтан оқыды. Осыған орай, келесі аптадан бастап Нұр-Сұлтанда мектептер түгел онлайн форматқа ауыстырылмақ. Бүгінгі күні қаладағы 20 меткептің оқу процесі тоқтатылған.