2020 жылы Орал қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан бес адам көз жұмған. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлімдеді. Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 20 қылмыс тіркелген. Облыс орталығында өткен жылмен салыстырғанда қылмыс екі есе көбейген. 2019 жылы шаһарда 10 қылмыс тіркелген. Полиция қызметкерлері жұбайына түрлі қысым көрсетіп, заң бұзған 653 азаматқа айыппұл салған. Олар әкімшілік құқық-бұзушылықтың 73 бабы бойынша жауапқа тартылған.
Сурет интернеттен жүктелді