Орал қаласында 150 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілмеген. Бұл барлық айыппұл көлемінің 24 пайызын құрайды. Биыл 11 ай ішінде заң бұзған азаматтарға қатысты 47 мыңнан астам іс қаралып, мемлекет есебіне 469 млн. теңгеден астам қаражатты өндіру керек болатын. Осы қыруар қаржының бүгінде тек 319 млн. теңгесі ғана өндірілген. Сала мамандары айыппұл мен алиментті қасақана төлемей жүрген жандармен күресу үшін арнайы "Борышкер" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр",-дейді. Аталмыш рейд желтоқсанның 11-іне дейін өтеді.