Оралда дәрігерлер сүйекке қақалып қалған бір жастағы сәбиді құтқарып қалды. Оқиға 7-желтоқсан күні кешкісін болған. Ақ халаттылардың айтуынша, кішкентай балаға сорпа берген. Сол кезде сұйықтық ішіндегі сүйек баланың тамағына кетіп қалады. Абырой болғанда, сәбидің өмірі үшін барлық білікті мамандар күресіп, ажалдан арашалап алды. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты көрінеді. Дәрігерлер бүлдіршінді балалар ауруханасына ауыстыратынын хабарлады.