0:00 / 0:00
Cоңғы санақ бойынша Оралда 333 мың 263 адам тұрып жатыр. 70 мыңға жуық көп қабатты тұрғын үй, 120-мыңнан астам жеке сектор бар. 7 қыркүйекте басталған "Участок" жедел алдын-алу шарасы кезінде әр учаскелік инспектор өз аумағы бойынша үй-үйді аралап, халықпен тығыз жұмыс жасаған. Нәтижесінде 12 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықтың алдын алған. 168 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, соның 9-ы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
"Участок" жедел-алдын алу шарасына 313 қызметкер жұмылдырылған. Орал қаласының ПБ қарасты учаскелік полиция орталықтары ішінде үздік нәтижені 10 -шы УПИ көрсетіп отыр. Бүгінде бұл жерде 3 инспектор, 1 көмекші қызмет атқарады. "Ет комбинаты ауданындағы тәртіпке жауапты сақшылар түрлі құқық бұзушылықты болдырмау- біздің басты міндет",- дейді.
Шаһардың шеткі бөлігінде орналасқан Ет комбинаты ауданында 2 саяжай бар. 13-мың адам мекен етеді. Тұрғындар кез-келген жағдай бойынша инспекторларға жолығып, мәселемізді шешіп отырмыз,- дейді.