0:00 / 0:00
Бүгін ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналып облыс орталығынан арнайы орталық өз есігін айқара ашты! Заманауи нысан «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларын дамыту қорының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры ашқан аумағы бойынша ең үлкен орталық!
Ерекше орталықтың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев пен “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларын дамыту қорының өкілдері, «Дара» қайырымдылық қорының қызметкерлері арнайы келген. Оларға қош келдің айтып, ыстық лебізін білдірген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те қайырымдылық істерінің маңыздығын атап өтті. Оралда ерекше қажеттіліктері бар екі мыңнан астам бала тұрады, оның ішінде 800-ден астамының мүмкіндігі шектеулі, 400-ге жуық бала мамандардың кәсіби көмегін қажет етеді.Бұл орталық кез-келген ерекше баланы және оның отбасын дефектолог, психолог, логопед, массаж, тифлопедагог, сурдопедагог секілді мамандардың жан - жақты білікті көмегімен қамтамасыз ететін мекеме болмақ. Жыл сайын бұл орталық әртүрлі даму мүмкіндіктері шектеулі 150-ден астам балаға қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Қызметтің барлығы тегін көрсетілетін бұл орталықтағы қажетті жабдықтардың барлығы заманауи үлгіде жабдықталған.