Енді жер қатынастарына байланысты құжаттардың баршасын электронды түрде тапсырып, тиісті құжатты Егов порталы арқылы жасатуға болады. Мұндай жаңашылдық 2020 жылдың 31-қазанда заңды күшіне енді. Осының арқасында электронды қолтаңбасы бар жандар құжатты үйде отырып-ақ, мамандарға жолдай алады. Сала мамандары бұрындары бір құжатты жасауға 7 жұмыс күні кететін еді,- дейді. Қазір бұл уақыт 4 күнді құрап отыр.