Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақмолада індет өршіп тұр

c 20:45, 27/11/2020 c 679

0:00 / 0:00

Ақмола облысында қауіпті індеттің таралуы өршіп тұр. Соңғы тәулікте республика бойынша ковид жұқтырғандар саны 813 науқасты құраса. Ақмола өңірі төртінші орында тұр. 23 қарашадан бастап «қызыл аймаққа» енгеннен бері, облыста карантин талаптарын сақтау жұмыстары  күшейтілді дейді әкім Ермек Маржықпаев.Ал  бүгіннен бастап Степногор қаласы  жабылды.

Ақмола облысы коронавирустың таралуы  бойынша «қызыл аймаққа» енді. Тәулігіне 70 адам індет жұқтыруда. Естеріңізде болса, облыс қауіпті індетпен күрестегі жұмысының нашарлығына байланысты Президент сынына іліккен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бірқатар облыста коронавирус жұқтыру фактілерін жасыру жағдайлары орын алғанын айтқанды. Оның ішінде Ақмола өңірі де болғанды. Бүгінгі брифинг барысында Ермек Маржықпаев облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің штатында адам саны аздығынан,  мәліметтерді зерделедеп үлгермей қалғандарын айтты. Осылайша  100-ге тарта оқиғаны тіркеп үлгермеген.  Енді өңір аталған 100 жағдайды ресми статистикаға енгізіпті. Ал бүгіннен бастап өңірдегі Степногор қаласы жабылды.

Ермек Маржықпаев – ақмола облысының әкімі «Бүгіннен бастап Степногор қаласын жаптық. Онда вирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр.Ол қалада да Көкшетауға енгізген қатаң шаралар қолданылатын болады. Пандемиямен күресу аясында Көкшетау қаласын санитарлық бекеттермен жаптық. Ал статистикалық мәліметтерді жасыру туралы Президенттің сыны орынды. Себебі біздің облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталығының штаты 12 адамнан тұрады. Жаппай ауру таралғанда біз оны өңдеп үлгере алмадық. Сондықтан 100-ге жуық жағдай өңделмей, статистикаға енбей қалды».

Қазір Көкшетау қаласында  санитарлық бекеттер қойылған. Қалаға кіріп-шыққандар қатаң тексеріліп, есепке алынады. Сондай-ақ, облыс бойынша карантиндік шаралар күшейтіледі. Тұрғындарға кешкі саға 9-дан кейін  көшеге шығуға тиым салынған. Мекемелердің жұмыс уақыты кешкі 7-ге дейін ғана. Ал  азық-түлік дүкендері  8-ге дейін жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.