0:00 / 0:00
Аймақтарға барып қызмет ететін жас мамандарға әлеуметтік қолдау жасалмай жатыр.
Сенатор Бекболат Орынбековтың айтуынша, аудандық маңызы бар моно және шағын қалаларға жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі кенже қалып отыр. Мысалы, Жамбыл облысының Шу қаласына 2017-2018 жылдары келген 6 маманның 5-уі бюджет есебінен берілетін әлеуметтік көмекті алмауына байланысты жұмыстан кеткен. 2019-2020 жылдары жас мамандар келген жоқ. Шу қаласы бойынша кадр тапшылығы – 29 маманды құрап отыр. Мұндай деректер еліміздің өзге де аймақтарда орын алуда. Депутат Үкімет басшысына жолдаған сауалында осы мәселені шешуді сұрады.
Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында жас мамандар ауылға барып қызмет етіп жатса, оны әлеуметтік қолдау мәселесі толық қамтылған. Баспана, жұмыспен қамту қарастырылған. Бұл ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын шешуге септігін тигізуде. Сенатор Бекболат Орынбековтың осы жобаға шағын қалаларға барып жұмыс ісетйтін жас мамандарды әлеуметтік қолдау мәселесін енгізу керек деп санайды. Өздеріңізге мәлім, бүгінде қолында дипломы бар жастар ел астанасы мен ірі қалаларда қалғанды жөн санайды. Ал моно қалаларға да маман ауадай қажет. Алайда, онда барған жас маманға ешбір әлеуметтік қолдау жоқ. Жамбыл облысын мысалға алған депутат. Ондағы Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында маман жетпей жатыр. Шағын қалаларға барған жастар әлеуметтік көмекті алмауына байланысты жұмыстан кетіп қалған.
Сенатор пермьер-министрден аталған мәселені шешуді сұрады. Шағын қалалардағы тұрғындар саны еліміздегі жалпы қала халықтың 16% құрайды. Моноқалаларда тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы сапасы төмен, жалақы аз, жұмыссыздық деңгейі жоғары. Ал осы проблемаларды шешу үшін Үкімет 2012-2020 жылдарға арналған моно қалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болАтын. Алайда, олардың кейбірі аяқталып та қойғанымен, бұл елді мекендердің мәселесі шешілмеген күйі қалып отыр.