Өрт салдарынан жалғыз басты ана баспанасыз қалды. 2020 жылдың 23 қарашасында өрт сөндіру қызметіне хабар келіп түскен. Жалын БҚО Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Ленин көшесі, 63 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйде 20 сағат 51 минут шамасында шыққан. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үйдің жабындысы мен шатырын шарпыған. Басты себеп- отты абайсыз пайдалану. Өрт толығымен 21 сағат 32 минутта ауыздықталды. Тілсіз жау 5 баланың анасын баспанасыз қалдырды. Көмек қолын созам деушілер 8-707-198-80-26 нөмірі бойынша хабарласа алады.