0:00 / 0:00
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған шаралар сапалы болуы қажет. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мәлімдеді. Достық үйінің төрінде өткен алқалы жиында Елбасының тікелей тапсырысымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» жобасы талқыға түсті. Ұлттық рухымызды айқындар бұл бағдарлама "Бір-екі жылға арналған бағдарлама емес," - дейді Дархан Қамзабекұлы. Сол себепті сапасынан саны көп дөңгелек үстел, түрлі жиналысты азайтып, барынша сапалы, жұртшылық үшін пайдалы іс-шараларды ұйымдастыру керек.