0:00 / 0:00
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдында бүгін екі митинг қатар өтті. Бірі- мүгедек бала тарбиелеп отырған аналардың баспана талап еткен жанайқайы болса, екінші топ пандемия барысында үстемақыдан қағылған жедел жәрдемнің фельдшерлерінің бас көтеруі болды. Наразы топтардың арыз-талабын әкімідік өкілдері тыңдап, мәселені назарға аламыз деген құрғақ уәдемен шығарып салды. Елордадан Әселім Қалкен баяндайды.
Бұл шыдамы таусылған аналардың көз жасы. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар жұмыс істеп, табыс табуға қол жеткізе алмайды. Себебі, мүгедек баласын бағып-қағу үшін 24 сағат бойы соның қасында болуы керек. Ерекше күтімді қажет ететін балаларын ешкімге сеніп те баққыза алмайды. Ал мұндай отбасылардың көбінде баспана мәселесі шемімін таппаған. Кейбірлеулері пәтер жалдап тұрады. Мұндайда балаға ерекше жағдай жасаудың өзі мүмкін емес. Олар бүгінде жалпыға бірдей үй кезегінде тұр. 10 жылдан астам уақыт баспана кезегінде тұрғандар, кезегіміз жылжымай жатыр деп наразы. Ал әкімдік ұсынып отырған жеңілдетілген несиемен пәтер сатып алуға шамамыз жетпейді дейді аналар. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің табалдырығын тоздырған аналардың бұл жанайқайы жоғарғы жаққа жетпей жатыр. Олар да көпбалалы аналар сияқты кезек күтпей үй алуға құқылымыз дейді.
Әкімдікке басып кірген наразы топқа әкімнің кеңесшісі шықты. Оның сөзінен мүгедек балалардың мүддесін қорғайтын жауап болмады.
Әкімдік өкілінің айтуынша, бүгінде елордада 47 мың азамат үй кезегінде тұр. Нұр-Сұлтан әкімдігінің алдына жиналған тағы бір наразы топ- үстемақыларын ала алмай жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің де мәселесі шешімін таппай отыр. Ендігі төрт айдан бері денасулық министріне, бас прокуратураға, әкімдікке шағымдарын жазған медицина қызметкерлері құрғақ уәдеден шаршадық дейді. Коронавиурспен күресте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау ретінде үстемақы алып келген олар, соңғы төрт айда бұл қолдаудан қағылды.
Ресми тұлғалардың айтуынша, үстемақы тек ковидпен ауырған науқастармен тығыз байланыста болған дәрігерлерге ғана беріледі . Алайда, жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері мұнымен келіспейді.Денсаулық сақтау басқармасы, мұндай шешім сыбайлас жемқорлық қарсцы іс-қимыл агенттігіне түскен шағымнан кейін қабылданған деп отыр. Ал ол қандай шағым екенін басқарма өкілі таратып айтпады.
Тамыз айына дейін жедел жәрдем қызметкерлері түгел 425 мың теңге үстемақыны алып келген. Бірақ белгісіз себептермен төленбей қойған. Олар болса, біздің денсаулығымызға қауіп төніп отыр дейді.Тіпті жұмыс барысында ковид жұқтырып ауырғандары да бар.