0:00 / 0:00
16 қараша күні өрт сөндіру қызметіне 14 сағат 26 минутта Деркөл ауылы, ПДП-2 Б. Майлин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Жедел жеткен қызметкерлер арпалысқан жалынды 15 сағат 24 минутта азар дегенде оқшаулапты. Тілсіз жау толығымен 16 сағат 51 минутта жойылды. Жалпы өрттің себебін тексеру кезінде 5 литрлік газ балонның жарылғаны анықталған.
Жарылыс салдарынан жалпы ауданы 100 ш/м құрайтын тұрғын үйдің қабырғасы мен шатыры жанып, опырылып құлаған. Бүгінде тұрғын үйдің тек бір қабырғасы қалыпты. Өрт орнынан күйік шалған 1979 жылғы азаматша қалалық көпбейінді ауруханаға дереу жеткізілді. 41 жасар азаматшанының денесін 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік алған. Сол үйдің иесі екен.
Жалпы БҚО-да газ баллон жарылып, арты өртке ұласқан оқыс оқиға соңғы 3 жыл турасында тіркелмепті. Ал тұрғын үйлердегі өрттің саны артуда. БҚО-да жыл басынан бері 554 өрт оқиғасы тіркелсе, соның 335-і жеке тұрғын үй секторында.