Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елес

c 17:40, 17/11/2020 c 924

0:00 / 0:00

БҚО-да полицейлер «сары қыздың» елесі жайлы ақпаратты тексеретін болды.Облыстық департамент бастығының міндетін атқарушы Жанболат Жаншин Қаратөбе ауданы жергілікті полиция қызметіне арнайы тапсырма берген. Бұл туралы БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді. Ханкөл ауылы маңында «сары қызды көрдік» деген куәгерлер анықталып, олардан жауап алынады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде таралып кеткен бейнежазбаның шындыққа сәйкестігі сараланатын болады. Жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады,- деді Б.Белгібеков. Еске сала кетейік, Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде БҚО әкімі Ғали Есқалиев «сары қыздың» елесіне байланысты түсінік берген еді.Аталған елді мекенде ақ киімді қыздың елесі көрініп, жергілікті жұртты шошытып жатқаны туралы әлеуметтік желіде ақпараттар тараған болатын. Осыған орай ауылда санитарлық талапқа сәйкес ашық жерде аз адам жиналып, марқұмдар рухына құран да бағышталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.