Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжолдықтар  заң жобасын қолдамады

c 11:38, 12/11/2020 c 564

0:00 / 0:00

Парламент мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында депутаттардың ойы екіге бөлінді. Сауда министрі бақыт Сұлтанов қорғаған "Техникалық реттеу туралы" заң жобасына қатысты дау туды. Құжатқа дауыс беру барысында "Ақ жол" фракциясының депутаттары сауда және интеграция министрлігі "Техникалық реттеу туралы" заң жобасын әзірлеуге немқұрайлы қарады деп, заң жобасына қарсылық білдірді. Осылайша, Азат Перуашев бастаған фракиця депутаттары  дауыс беруден бас тартты.

Әдетте Мәжіліске түскен заң жобасы комитеттерде, жұмыс тобында май шаммен қаралып, құжат жалпы отырысқа пісіп келеді. Сөйтіп, депутаттар жобаны қорғаған министрге сұрақтарын қойып, талқылап бірауыздан мақұлдап жатады. Алайда, бүгінгі отырыста мәжілісмендердің ойы екіге бөлінді. Ақжол фракцияның депутаттары түгел "Техникалық реттеу туралы" заң жобасына қарсылық білдіріп, дауыс беруден бас тартты. Партия төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, бұл құжатқа сауда министрлігі немқұрайлы қарады. Айта кетейік,  үкімет талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің 70%-і нарықта айналымда жүргенін, бірақ жаңадан әзірленген заң жобасы олардың үлесін бес жыл ішінде 30%-ке дейін төмендетуге септігін тигізеді деп отыр. Ақжолдықтар бұл мәселені  қаншама жыл бойы көетріп, айтып келген. Бірақ құзырлы министрлік партияның ұсынысын назарына да алмаған көрінеді.

Азат Перуашев –ҚР парламент мәжілісінің депутаты " "Ақ жол" фракциясы бұл мәселені 8 жыл бойы көтеріп келеді. 2014 жылы депутаттар үкіметке осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар жіберген. Сол кезде үкімет проблеманың өзектілігімен келісіп, заң жобасын әзірлеуге уәде етті. 2017 жылы партия "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, үкіметке заң жобасының тұжырымдамасын жолдады. Алайда сауда және интеграция министрлігі депутаттардың ұсыныстарын назарға алмады. Министрлік тұтас бір парламенттік фракцияның пікірімен санаспай отыр. Біз жұмыс тобы мен комитет үлкен шаруа атқарғанын түсініп отырмыз. Бірақ осы айтылғанды ескеріп, бұл заң жобасын қолдай алмаймыз. Сол себепті "Ақ жол" дауыс беру кезінде қалыс қалады"

Сауда министрі болса, заң жобасы ең алдымен, ішкі нарықты "тазартуды" көздейді дейді.

Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интеграция министрі "Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалық – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни, өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі"

Осылайша дауыс беру барысында ақжолдықтар аталмыш құжатты қолдамады. Алайда, көпшілік дауыспен заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.