0:00 / 0:00
Биыл батыс қазақстандық дихандар 228 мың гектар дәнді-дақылды орып, 260 мың тонна өнім алған. Бұл туралы ауыл шаруашылық басқармасының мамандары мәлімдеді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18 мың тоннаға көп. Шаруалардың төккен терлері ақталып, кәсіптерін дөңгелентіп, істерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау керек. Осы қолдаулар туралы толығырақ келесі сюжетте.
Биыл дихандардың кәсібін дөңгелентуге, егін мен дәнді-дақылдарды өсіруге көмектесу үшін бірқатар мемлекеттік және қаржылай қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда шаруаларға тыңайтқыштарды қолдануға, пестицидтердің құнын субсидиялау мен су жеткізу құны, тұқым шаруашылығын дамытуға мемлекеттік субсидия төленді. Мәселен, тыңайтқыштарды қолданған шаруаларға 136,3 млн теңгедей қолдау қаржы төленген.
Мемлекеттік қолдауды алған жандардың бірі - Серік Аманжолов. . Шаруа инвестициялық қаражаттың арқасында егін шаруашылығын дамыту үшін пайдаланатын бірнеше техника сатып алыпты. Сол техниканың арқасында бүгінде келер көктемде жыртылуы керек, жерлер жыртылып, егіс жұмыстарына дайын тұр. Мемлекеттік қолдаудың құны 483 млн теңгені құрайды. Жеке кәсіпкер бүгінде кәсібін екі бағытпен дамытуда. Бірі тұқым шаруашылығын дамыту болса, енді бірі қара жерге дәнді-дақылдарды егу.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дөңгелентуге мүмкіндік алған кәсіпкер келешекте егіс алқаптарында егілетін дәнді-дақылдардың санын көбейтіп, тұқым шаруашылығын дамытқысы келеді.