0:00 / 0:00
БҚО-дағы инфекциялық ауруханаларда 113 науқас емделуде. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбдрахманова БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндады. БҚО-да бүгінге дейін коронавирустық инфекциямен 7300 науқас тіркелген. Соның ішінде симптомдық 3570 науқас, симптомсыз 3730 науқас. Сауыққандар саны 6900 адам (оның ішінде стационарлық ем алып сауыққандардың саны 3163 адам, амбулаториялық ем алып шыққан – 3737 адам). 121 адам көз жұмған. Қазіргі уақытта аурушаңдық көрсеткіші 1107,1-ді құрайды.
Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік ауруханада қазіргі таңда 28 науқас ем алуда. Толымдылығы – 15,1 пайыз. 333 төсек-орындық алты инфекциялық ауруханаларда 113 адам емделуде. Толымдылығы – 33,9 пайыз. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпсалалы аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек облыстық ауруханалары базасында жұмыс жасайды. Сонын ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталған 38 реанимациялық орын бар. Қазіргі таңда реанимацияда 10 адам емделуде.Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар.Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде созылмалы бүйрек ауруы бар. Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.Сонымен қатар, 2044 резервтік төсек-орын қоры дайындалған. Оның 1269-ы – инфекциялық стационарларда, 775 – карантиндік стационарларда