Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз үйім

c 09:43, 04/11/2020 c 573

0:00 / 0:00

Қазақстанда Тұрғын үй құрылысының 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасы, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары бар.

Әлеуметтік тұрғын үймен114 мыңнан астам отбасы қамтамасыз етілді, 63 мыңнан астам үлескер тұрғын үй мәселелерін шешті. «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асқан 3 жылда 30 мың баспана салынды. 89 мың отбасы мемлекеттік отбасылық шарамен қамтамасыз етілді. Осы жылдары тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн теңге инвестиция құйылды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 919 млрд теңге мемлекеттік инвестиция құйылған. Бүгінгі күні 530 мыңнан астам азамат  тұрғын үй кезегінде тұр. Индустрия министрлігінің мәліметі осындай. Бұл жайында баспанамен қамтуға арналған брифингте айтылды.

534 мыңнан астам азамат баспаналы болуды армандайды. Бұл үй алуға кезекте тұрғандар саны. Ал бұдан басқа ешбір кезекте жоқ жас отбасылары, әлеуметтік жағдайы төмен  отбасылар қаншама. Қазақстандықтар үшін баспаналы болу арманға айналған. Мемлекет бірқатар бағдарламалар қабылдап, жеңілдетілген несие де ұсынуда. Алайда, соның өзі бұл проблеманы толыққанды шеше алмай отыр.

Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен үй алуға мүмкіндік беретін «Шаңырақ» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бағдарламаға сай, өтініш білдірушілер тек жаңадан салынған үйден ғана ала алады. Ал қазақстандықтар жаңа үй жетпей қала ма деп алаңдайды.

Сондай-ақ, үкімет 30 мың отбасын сатып алу құқығынсыз  жалдамалы пәтермен қамтуды қарастырған. Биыл 4835 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.