0:00 / 0:00
Жол ережесін бұзған қоғамдық көлік айып тұрағына қамалды. Орал қаласында бірнеше күн бойы екі бірдей жедел алдын алу шарасы өткен болатын. Жолаушы тасымалдаушы көліктердің қауіпсіздігін тексеріп, құқық бұзушылықтарды жоюға арналған "Автобус" рейдтік шарасы кезінде жол бойында орағытып, адам өміріне қауіп төндірген 12 қоғамдық көлік ұсталған. Жолаушы тасымалдаушы көліктің бірі сақтандырусыз, 4 жүргізушінің техникалық құжатсыз көлік басқарғаны анықталды. Айып тұрағына бір көлік жеткізілсе, шектен тыс адам тиеген тағы бір автобус жүргізушісі жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ 19 қазаннан бастап "Қару" жедел алдын алу шарасы оздырылған болатын. Тексерістер нәтижесінде заңсыз қолданылмақ болған 2 дубинка шоқпары мен оқ дәрі, 19 пышақ тәркіленген.