Орал қаласында заңды түрде қару иелерін тексеру мақсатында арнайы профилактикалық іс-шара басталды. 19-23 қазан аралығында "Қару" атты жедел шара аясында барлық қару иелері жергілікті тұрғын үйі бойынша тексерілетін болады. Жалпы Орал қаласында 4937 қару иесі бар. Барлығы қаруын заң талаптары бойынша сақтауы тиісті. Егер де тексеріс барысында кемшіліктер анықталатын болса айыппұл салынады. Жедел іс-шараның бірінші күні-ақ осындай 10 заң бұзушылық анықталды.