0:00 / 0:00
БҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мұрындық болуымен "Адал көмек" жобасы іске асуда. Жобаның мақсаты тұрғындарға заңды көмек көрсету. Қазіргі таңда аталмыш жоба онлайн режимде өтеді.
Азаматтардың заң турасында туындаған сұрақтарына сала мамандарының тегін жауап беру үшін облыс аумағында "Адал көмек" жобасы іске асуда. Сала мамандары онлайн режимде тұрғындардан келіп түскен сауалдарға жауап береді. Мамандар күні бүгінге дейін 150-ден астам әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырыпты.
Заңгерлер азаматтарды көбіне жер қатынастары, тұрғын үйге қатысты сұрақтар толғандыратынын айтады.
"Адал көмек" жобасы аясында заңгерлердің көмегіне жүгінгіңіз келсе, антикордың әлеуметтік желілеріне өтініш қалдыра аласыз.