Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Импорттық дәріге тәуелділік

c 09:20, 21/10/2020 c 438

0:00 / 0:00

Қазақстан импортпен келетін дәрі-дәрмекке тәуелділіктен арыла алмай отыр. Әлемдегі жетекші деген 50 фармкомпанияның құрамын кіретін «Биг фармамен» келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл жайында үкімет отырысында мәлім болды. Бұл компанияның дәрі шығаратын лабораториялары да мықты. Осылайша Қазақстан әлемдік дәрі өндірушілермен қарым-қатынасты нығайта отырып, отандық өнімді арттыруды көздеп

Отандық дәрі-дәрмек шығару әлеуетін арттыру көптен бері айтылып келеді. Шенеуніктердің айтуынша, ел ішінде дәрі өндіру көлемі 30 пайызды құрайды. Бұл межені алдағы 5 жылда елу пайызға  жеткізу мақсаты тұр. Ол үшін 30 ірі жоба іске қосылмақ. Алайда, Қазақстан дәрі сатып алуға жыл сайын 600 миллион доллар жұмсайды. Тұтынып жатқан дәрі-дәрмектің 87 пайызы импортпен келеді. Әлемнің 63 елінен бізге дәрі сырттан тасымалданады. Осы көрсеткішке қарағанда, отандық өнім 30 пайызды құрайды деген мәліметтің өзі күмән тудырады.

Бүгінде қазақстандық дәріханалардың сөрелерінде тізіліп тұрған дәрілердің басым бөлігі Ресейлік өнім. Орташа алғанда күн сайын ел аймағына 72 тонна дәрі әкелінеді. Сарапшылардың айтуынша, отандық кәсіпорындардың бірде- бірі қазақстандық өнім шығармайды. Тек аты ғана, заты басқа елде жасалады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ск фармация саласындағы монополистердің әрекетін сынаған болатын. Президент  Қазақстанның әлі күнге дейін импортпен келетін дәріге тәуелді екенін де айтқанды. Министрлер кабинетін мазалап отырған басты мәселенің бірі осы болды.

Айта кету керек, Қазақстан аймағында фрамцевтикалық зауыттар салуға қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар бар. Бүгінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, Польша мен Түркия елдерінің компаниялары заман талабына сай технологияны енгізуде. Алайда, оның басым бөлігі  шетелдік инвестиция есебінен бірқатар қазақстандық дәрі-дәрмек шығаратын зауыттарды жаһандандыруда. Осылайша аты қазақстандық болғанымен, заты импорттық тауар шығаруда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.