Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Cотталғандар құқы

c 10:14, 20/10/2020 c 607

0:00 / 0:00

Қазақстанда темір тордың арғы бетінде отырғандардың құқын қорғау мақсатында бірқатар шаралар енгізіліп отыр .Түрмелерде «электронды дүкен» енгізілді. Әрбір мекемеге прокуратураға, одан ары сотқа және жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жасау үшін электронды терминалдар орнатылады. Жаңа технолониялардан рұқсат берілген тамақ, киім, кітап секілді түрлі тауарлар мен заттарға тапсырыс беру үшін «электронды дүкен» технологиясы енгізілуде». Осылайша сотталғандар да заман ағысынан қалмайтын болды.

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр. Қылмыстық атқару жүйесі соңғы 9 жылда елде сотталғандар асын 2 есеге азайды деген мәліметті алға тартады.  Осылайша бас бостандығынан айырылғандар саны 57 мыңнан 30 мыңға кеміді. Жалпы Қазақстанда 66 колония мен 16 тергеу орын бар.

Алдағы мақсат-сотталғандар санын қысқарту үшін жазасын өтеп шыққаннан кейін қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып отыр. Жұмыспен қамту сотталғандарды түзу жолға салудың басты қадамы. Қазір  еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде. Оның 11 мыңы колонияларда қызмет етуді. Сотталғандар кәсіпорындарда құрылыс материалдарын, ағаш, темір және пластик өнімдерін, сондай-ақ ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді жасаумен айналысады. Бостандыққа шыққанда оларға қоғамға бейімделіп, жаңа өмір сүру оңайырақ болады-дейді комитет төрағасы. Сондай-ақ, сотталғандар темір торғы арғы жағында отырып-ақ, өтініш-шағымдарын электронды түрде жолдай алады, тамаққа тапсырыс береді.

Жанат Ешмағамбетов – ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы «Бас бостандығынан айырылғандар түзеу мекемелерінде орнатылған  терминал арқылы дүкендерге, тамаққа, киім-кешек,кітапқа курьерлік қызмет арқылы тапсырыс бере алады. Сотталушылар мен олардың туыстарының бейнекездесулері де ұйымдастырылып отыр. Мекемелердегі бейнекездесулер карантин кезінде өз тиімділігін көрсетті Олардың саны 33 мыңға жетті. Сондай-ақ,  электронды түрде прокуратураға, одан ары сотқа және жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жасай алады».

Дегенмен, түзеу мекемелеріне тиым салынған заттарды заңсыз өткізу деректері орын алуда.

Жанат Ешмағамбетов – ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы «Қоршаулар арқылы, туғандарынан келген азық-түлік арқылы немесе туыстары кездесуге келгенде тиым салынған заттар өтіп кетіп жатады. Жыл басынан бері 400 заңсыз өткізу дерегі тіркелді. 600 телефон, 8 келі есірткі, 40 литр алкоголь өнімі тәркіленді».

Комитет төрағасы өзі мойындап отырғандай, күшейтілген күзеті бар түрмелерге тиым салынған заттарды  өткізуде колония қызметкерлерінің де қатысы болуы да мүмкін. Себебі, әкелінген азық-түлік қатаң тексеруден өтетіні мәлім. Елде сотталғандар саны азайғанымен, қылмыс саны кеміп емес. Тек соңғы бір аптада республика аймағында 3 600 аса қылмыс жасалды. Басым бөлігі ұрлық-қарлық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.